ТКШ

Мамыр айынан Петропавлда газ бағасы өсті

 

 

 

 

 Петропавлда газ бағасы өткен жылы тамыз айында 293 теңгеден 328 теңгеге өзгерген еді. Ол кезде де еліміздің батысындағы зауыт өнім бағасын өсіріп, жергілікті кәсіпорынның шығарға жолы болмаған. Биыл да жағдай қайталанып отыр.

  Марат Мұстафин, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:

– Былтыр қазан айынан бері республика бойынша газ шығарушы компаниялар бәрі шетелдік компаниялар, Қазақстанның ішкі нарығына газ беруді азайтып жүр. Себебі, оларға экспортқа шығару тиімді. Өйткені екі есе көп тұрады.

Сонымен жыл басынан бері газ бағасын өсіруге талпынған «Горгаз сервистің» әрекеті мамыр айында қанағаттандырылды. Тұрғындар енді газдың текше метрі үшін 20 пайызға артық төлейтін болады.

  Марат Мұстафин, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:

-Газсыз қалмау үшін газ бағасы мамырдың 1-нен 68 теңгеге көбейіп отыр. 328 теңге болса 396 теңге болды.

Бұл бағаны бекіту кезінде де департамент жеткізуші компанияның бірқатар шығындарын есепке алмады. Соның өзінде тариф 20 пайызға өсіп отыр. Тұрғындарды, әрине, атқарылған жұмыс емес, өзгерген тариф алаңдатады.

Тұрғындар:

-Сұмдық қой! Пенсионерлерге ауыр, одан басқа да бағалар көтеріліп жатыр.
– Газ болмаса тамақты қайда пісіреміз. Электр энергиясын да аса көп пайдалана алмаймыз.
-Әрине, қанша жағуымызға байланысты ғой. Дегенмен тариф аз өсіп жатқан жоқ.  

Әсем Рахметова