Мәдениет

«Болашаққа ұмтылған жастар»

 

 

 

 

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған шараға 10 этномәдени орталықтың өкілдері ұлттық  әндер мен билерін әзірлеп әкелді. Олар мұндай жиындардың өзге ұлттардың дәстүрімен, мәдениетімен жақынырақ танысуға ықпал ететінін алға тартуда. Дәстүрге айналған шығармашылық кездесулер аға буын өкілдерінің де қолдауына ие болып отыр.

 Сағындық Салмұрзин,  «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығы» ҚҰ атқарушы директоры:
– Бұл болашаққа ұмтылған жастардың фестивалі. Мағжан бабамыз айтқандай біз жастарға сенеміз. Сондықтан осы мамыр бойы біздің халқымыздың бірлігін біз көрсетуіміз керек.

Айдана Демесінова