Жыл сайынғы сайысқа биыл 8 команда қатысуда. Әр топта 2 ер және 1 қыз бала бар. Жарыс шарттары бойынша сайыскерлер 15-17 жас аралығында болуы тиіс
Александр Черников, жарыстың бас төрешісі:
– Бұл 6-шы республикалық спартакиаданың іріктеу кезеңдерінің бірі болып табылады. Ойын қорытындысы бойынша облыс құрамасына мүшелер таңдалады. Жеңімпаздар диплом және грамоталармен марапатталады.
Асхат Ахметбековтың бильярд ойынымен әуестене бастағанына бір жарым жыл болған. Шеберлігі шыңдала қоймаса да Асхат жақсы нәтиже көрсетіп келеді. 3 қарсыласына дес бермей, біреуінен ғана жеңіліпті.
Асхат Ахметбеков, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:
– Қарсыластарым мықты болды. Ең мықтысы Ғ.Мүсірепов ауданынан. Мен 1-орын алуға тырысамын. Әлі де бір ойын бар.
Ал Светлана Чердынцева Есіл ауданының намысын қорғап келді. Олмұндай додаларға алғаш рет қатысып тұрған жоқ. Өткен жылы республикалық сайыста үздік нәтиже көрсетіпті. Осы жолы да бағы жанып, жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздеп отыр.
Светлана Чердынцева , жарысқа қатысушы, Есіл ауданы:
– Мен жаңа Петропавл қаласының және тағы бір ауданнан келген қарсыласымды жеңдім. Алда әлі 2 ойыншымен кездесемін. Оларды да жеңіп, республикалық додаға жолдама аламын деген үміттемін.
Сайыс қорытындысы бойынша командалық есепте Петропавл қаласының тобы 1-орынды еншіледі. 2-ші орынға Есіл ауданының өкілдері лайық деп танылса, Ғ.Мүсірепов ауданының ойыншылары 3-орынды місе тұтты.
Айдана Демесінова