Қоғам

Сәуірдің 30-ы – үшінші сенбілік

Алғашқы екі сенбіліктің нәтижесі көз қуантарлықтай. Қала көшелері тазарып, бірден жасыл желек тебіндей бастады. 800-дей ұжым мен 25 000-ға жуық қала тұрғыны сол жолы 280 текше метрден астам қоқыс шығарған екен. Бірақ мұнымен жұмыс біткен жоқ.

Руслан Сыздықов, қалалық мәслихаттың хатшысы:
-Әлі адам қолы тимеген аулалар, көше мен аудандар қалды. Сондықтан барлығыңызды сенбілікке шығуға шақырамын. Алдағы ынтымақтастық мерекесін көрікті, таза қалада қарсы алайық.

Петропавлдықтар бір адамдай жұмылатын жұмыс аумағы бұл жолы аз болмақ емес. Сенбіліктен қалалық мәслихат депутаттары да шет қалмайды.

-Біз жинау үшін өзімізге бекітілген аумақтан басқа депутаттар ретінде басқа да жерлерге барамыз. Сөйтіп халықты ерінбей, тиянақты жұмыс істеуге үгіттейміз  
Тұрғындардың өздері де сүйікті қаланың көрікті келбеті үшін жұмыстан тартынып қалмақ емес.

 Тұрғындар:

-Тазалық болғасын өзіміз де таза боламыз. Бізге қарап балалар жұмыс істейді, лақтырмайды. Бәрі таза болса, өмірімізге де жақсы болады ғой.
-Осы сенбілікке шығамыз. Себебі оны өзіміз үшін істейміз.

Сәуірдің 30-ы күні өтетін сенбілікке 1000-ға жуық ұжым қатысады деп күтіліп отыр.

Кәусар Аяпбергенқызы