Бизнес және экономика

Бизнес-тренинг

 

 

 

 
Тренинг «Қиын кеңестерді жүргізу… қысым астында жұмыс істеу» тақырыбында  3 күн жүргізілді. Пайдалы шараға түрлі кәсіпті меңгерушілер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен көпбалалы аналар және ауылдан келген қыз-келіншектер қатысты.

Бақытжан Сәмиева, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:
– Біз осы сабағымызбен әйел азаматын алға бастырып, үкіметіміздің жұмыстарын істеуге, шын жүректен істесе деген ойымыз бар. Мақсатымыз сондай әйел азаматын алға бастыру.  

Тренингке № 20 орта мектептің директоры Шарғия Мұқышева да келген. Білім ошағы жетекшісінің айтуынша осындай шаралар адамға өз эмоциясын қадағалауға, кез-келген жағдайда ұстамдылық пен табандылық танытуға үйретеді. Ал ондай қасиеттер күйбелең, әрі қарбалас өмірде қажет-ақ.

  Шарғия Мұқышева, № 20 орта мектеп директоры:
– Меніңше адамдар бір-біріне көмектесуі керек. Кемшілігін көрсе, соны бетіне баспай, дұрыстауға жәрдемдесу қажет. Қандай мәселе туындаса да ашуға берілуге болмайды.

Тренинг сабақтарын бизнес-жаттықтырушы Вера Коровина жүргізді. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнату жөнінен тәжірибесі мол маман нәзік жандарға түрлі тапсырмалар беріп, сол жағдайдан шығудың қыр-сырларын үйретті. Курсты толық меңгергендерге арнайы грамоталар табыс етілді.

Гүлден Сәрсенбаева