МТРА жаңалықтары

Облыстық әкімдіктің отырысы

 

 

Біздің облыста 4 жылдың ішінде 13 инновациялық кәсіпорын іске қосылуы тиіс. Бұл жобалардың жалпы құны 27 миллиард теңге. Ет комбинаты, хоппер вагонын құрастыру, құм мен титан өндірісі, осының барлығы шілде айынан бастап облыс экономикасына пайда әкеле бастамақ.

Самат Ескендіров, облыс әкімінің бірінші орынбасары:
обаны жүзеге асыру кезінде 1000 шақты адам жұмыспен қамтылады. Ал өндіріс ошақтары ашылғаннан кейін оларда 1 737 адам еңбек етеді.  

6 жоба өндірісті енді бір айдан кейін бастайды.
  
Облыстағы спорттың дамуы да көңілге қонымды. Спортшылардың оқу
жаттығу жиындарына үзбей қатысуына 10 миллион теңге бөлінді. 2011 жылы Алматы мен Астана қалаларында Қысқы Азия ойындары өтуі тиіс. Осыған орай от эстафетасы бүкіл елімізді айналып, 15 мың шақырымды басып өтпек. Алауды облыс қаңтардың 21-і қарсы алады. От эстафетасы біздің облыста жоғары деңгейде өтуі тиіс. Өңір басшысы маңызды оқиға “Қарасай” стадионынан бастау алса деген ұсыныс айтты. Өңірдегі жолдарды жөндеу мәселесі де әкімдіктің отырысында кеңінен талқыланды. Өткен жылы облыста бұл бағытқа 3 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Саумалкөл- Новоишим, Пресновка-Троицкое сияқты маңызды бағыттар жөнделді. Биыл да жұмысқа қомақты сома бағытталып отыр.  

Қайыргелді Сыздықов, облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалдау  басқармасының бастығы:
2010 жылы жолдарды қайта қалпына келтіруге бір миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалмақ. Ал 25 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізілуі тиіс. Сондай-ақ “Жол картасы” бойынша біздің облысқа 645 миллион теңге қарастырылды.

Жолдарды жөндеуге бөлінген әр тиынның орынды жұмсалуы аймақ басшысының қатаң бақылауында болмақ.