Білім

Кәсіптік лицейлер мен колледж оқушыларының слеті

 

 

Таңдаған мамандығының бүгінгі қоғамдағы маңызы мен оқу орнының мәртебесін таныстыруға келген колледж және лицей тәрбиеленушілері жақсы сайланыпты. Мектеп оқушылары үшін қажетті барлық мәліметтер олардың көз алдында.

 Жанат Аяпов, СҚУ колледжінің 1 курс студенті:
– Біздің колледж ән, ғылыми-техника жағынан 1 орын алып тұр. Мамандықтарымыз әр алуан, мен өзім юриспін және іс қағаздарын жүргізу, мұрағатттану, дизайнер, техника құралдарымен жұмыс мамандықтарын алып шығуға болады.

Бүгінге дейін 19 мыңға жуық маман даярлап шығарған медицина колледжі оқушылары мамандықтың қажеттігі жайында емес, адам денсаулығына қамқор болудың маңыздылығын алға тартады.

 Жанар Төлебаева, Петропавл медицина колледжінің 2 курс студенті:
– Медицина колледжі орта медициналық дайындығы бар мамандарды дайындайтын көне оқу орындарының бірі. Жыл сайын Президент тапсырмасы бойынша «Дипломмен – ауылға» акциясымен ауылға аттанбақшы.
Түлектер Қазақстанда ғана емес, шетелдерде қажырлы еңбек етеді.  

Слетке орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлайтын 20 оқу ошағының өкілдері келді. Облыс бойынша олардың саны 32. Сондықтан арнайы кәсіптік білім аламын деген оқушылар үшін таңдау мол. Кейбірі оны жасап та үлгеріпті.

 Әсия Аяғанова,  №44 орта мектеп оқушысы:
– Мен өзім ауыратындықтан болашақта өзімді, басқаларды емдегім келеді. Медициналық академияға оқуға барғым келеді.  

Біздің ісіміз ұсыну, ал таңдау еркі түлектерде дейді слет ұйымдастырушылары.

 Айсұлу Сәрсенбекова, СҚО ұстаздар біліктілігін арттыру институтының техникалық және кәсіптік білім кабинетінің меңгерушісі:
– Заманның талабы – білікті маман.
Олардың деңгейі, дәрежесін көтеру үшін әр оқу орны презентациясын жасап жатыр, көрме ұйымдастырды. Және агитбригадалар балаларды шақыруы үшін осы шараны өткізіп жатырмыз .

Жұмыстың жаманы болмайды. Болашақ мамандар үшін бастысы, жаңылыспай өз жанына жақын қызметті таңдау.

 Кәусар Аяпбергенқызы