Ауыл шаруашылығы

Бағалы балықты аулауға болмайды

 

 

 

 

Бұл аққайран, көксерке мен тұқы сияқты сирек су жануарларының еш кедергісіз көбеюіне мүмкіндік береді дейді облыстық балық инспекциясы бөлімінің мамандары. Осы кезеңде облыс аумағындағы өзен-көлдер қорықшылардың бақылауында болады. Сондықтан жекеменшік су көздерінің иелері уылдырық шашу орнын белгілеп қоюлары тиіс. Дегенмен меншіктегі көлдерден тиісті ұйымның рұқсаты болса алабұға, шабақ, ақтабан сынды балықтың кей түрлерін аулауға болады. Ал иесіз жерлерден еш құжатсыз 5 кг-нан артық балық аулауға тыйым салынады.

 Григорий Петрушевский , СҚО бойынша балық инспекциясы бөлімінің бас маманы:
-Шортанды 10-ыншы , аққайран мен көксеркені 15-ші мамырға дейін, ал балықтың тұқы сияқты түрін 20-шы маусымға дейін аулауға болмайды. Тек ғылыми-зерттеу және бақылау жұмыстары үшін аулауға рұқсат етіледі .

Кәусар Аяпбергенқызы