Спорт

Веложарыстан ашық біріншілік

 

 

 

Велоспорттан олимпиадалық резерв спорт мектебі өңірдегі болашақ велоспорт чемпиондары өсіп-өнетін жалғыз білім ордасы. Оның жасөспірім тәрбиеленушілері қазір Талдықорғанда өтіп жатқан ел чемпионатында үздік нәтижелерімен көзге түсіп жүр. Ал кішілері әзірге үлкен жарысқа дайындық үстінде. Ер балалармен қатар жарыс жолына қыздар да түсіпті.

 Айжан Рахметова:
-Мені спорт мектебіне ағам алып келді. 2 жыл айналысамын, бүгінгі жарысқа жақсы дайындалдым.

Жекелей жарыста кіші топтағылар – 5, ересектері 10 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Петропавлдың жолы мен салқын желіне алғаш рет қарсы келсе-дағы көкшетаулық триатлоншылар үшін ол қиын сын болмаған сыңайлы.

 Мейірлан Ысқақов:
-Мен 3 түрлі спортқа қатысам, триатлонға, малту және жүгіру. Петропавлға жарысқа бірінші рет келдім. Жақсы нәтиже көрсетуге дайындалдық.

Биылғы біріншілік қонақтары көкшетаулықтар ғана емес. Жарысқа бұл жолы жергілікті велоспорт ардагерлері де шақырылыпты.

 Владимир Парахин, жарыстың бас төрешісі:
– Бұл спортпен айналысатын ардагерлер тобында 15 адам бар. Сайысқа олардың тек бесеуі ғана қатысып отыр. Бұл жазғы маусымның басталуы. Алда әлі көптеген жарыстар жоспарланған.

Қорытынды есепте ең кіші спортшылар арасынан Сергей Мальцев үздік нәтиже көрсетті. 13-14 жас аралығындағылардан Арман Тұрлин, 15-тен жоғары жастағы бозбалалардің ішінен Мейрамбек Тұрғынбеков 10 шақырым қашықтықты тез бағындырған. Ал ардагер велосипедші Роман Жиентаев өз тобында үздік атанған екен.

Кәусар Аяпберегнқызы