Балалар

Мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы

 

 

 

 

 

Абзал Махметов өткен жылы да «Жұлдызай» қоры ұйымдастырған байқауға қатысқан. Онда 2-кезеңді өтіп, «Балдаурен» президенттік сауықтыру орталығында емделген-ді. Былтыр сурет салудан сынға түскен бала биыл вокалдан бағын сынап көрмек.

Абзал Махметов, байқауға қатысушы:
-Біз “Жұлдызай” сайысына өте көп дайындалдық. сайыстан жүлделі орын аламыз деп үміттенеміз.
Өзіміздің айтқанымыз өте ұнады.  

2007 жылдан республика көлемінде өткізіліп келе жатқан фестивальға қатысуға ниет білдіргендердің саны жыл санап артуда. Келесі кезеңге кім өтетінін «Жұлдызай» қорының өкілдері анықтайды. Жерлестеріміздің шығармашылығын бағалау үшін биыл 3 адам келіпті. Ендігі кезекте олар Қарағанды балаларының өнерін тамашалайтын болады

Гүлзат Асанова, “Жұлдызай” қорының атқарушы директоры:
Біз Алматыдан бастап барлық облыстық орталықтарда болдық. Биылғы жылы есте қалар Көкшетау деп айтуға болады. Көкшетау, Қызылорда, одан кейін Алматы. Енді Петропавл да есімізде қалады деп ойлаймын. Өйткені 2007 жылы есте қалған Петропавл.

Балдырғандар сурет сайысында да бақтарын сынады. Жас суретшілер туған өлкеміздің табиғатын бейнелеген. Солардың бірі – мүмкіндігін алғаш рет сынаған Гүлнұр Киікбаева

Гүлнұр Киікбаева

, байқауға қатысушы:
-Аспанда күннің көзі нұрын шашып тұрғанын және түрлі-түсті кемпірқосақты ұнатамын.

Фестивальде бақ сынаған жас өнерпаздардың барлығы да жақсы дайындықпен келген. Сондықтан қазылар алқасы әрбіріне әділ баға берерде біраз қиналды. Фестиваль қорытындысы бойынша №1түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Жұлдыз Сәлікова үздік әнші атанса, бишілер арасында облыстық саңыраулар мен есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернаттың «Пульс» ансамблі топ жарды. Ал сурет байқауында №2 түзету мектеп-интернатының шәкірті Светлана Волвенконың туындылары 1-ші орынға лайық деп танылды.

Айдана Демесінова