Мәдениет

Ғалым Қадыралинді еске алу кеші

 

 

Ғалым Қадыралин Шал ақын ауданындағы Ибраев ауылының тумасы. Ол 35 жылын жас ұрпаққа білім беру саласына арнады.    Зейнет демалысына шыққаннан кейін «Асыл мұра» орталығының жұмысын ұйымдастыруға зор үлес қосты. Орталық қызметкерлерімен бірге  өңір тарихының ақтаңдақтарын ашып, атақты солтүстікқазақстандықтардың өмір жолын, шығармашылығын зерттеумен, жас ұрпаққа насихаттаумен айналысты, бірнеше жинақ әзірледі.  Ал жақында шыққан “Жомарт жүрек” атты кітап Ғалым Қадыралиннің өзі туралы. Кеште өлкетанушы туралы естеліктер айтылды.