Спорт

Жүзгіштер арасындағы VI жазғы универсиада

 

 

 

 

Жарыстың басталуына шамамен 1 сағат қалды. Бірақ қатысушылар қызу дайындық үстінде. Қарағандылық спортшы Айдар Қартпаевтың жүзумен айналысқанына 7 жылдай болған.Талай жарыстардың жеңімпазы. Айдар аталмыш сайыста да топ жаруды мақсат етеді.

  Айдар Қартпаев, жарысқа қатысушы:
-Біз бұл жарысқа жақсы дайындалдық. Қарсыластарымыз мықты болады. Бірақ жеңістен үміттімін. Мақсатыма жетуге тырысамын.

Жарыс Алматы, Қостанай, Қарағанды,Тараз қалалары студенттерінің басын қосты. Барлығы 53 үміткер.

  Ербол Исатаев, СҚМУ бұқаралық спорт жұмыстарының маманы:
-Универсиаданың бағдарламасына 32 спорт түрі кіреді.Біздің университетке үлкен мәртебе деп ойлаймын осындай суда жүзу мен Президенттік көпсайысты бізде өткізуге беріп отыр.

Алматы қаласының намысын 10 спортшы қорғады. Бұған дейін де талай биіктерді бағындырған алматылықтар жеңісті қолдан бермейміз дейді.

  Қуат Мақашев, жаттықтырушы, Алматы қаласы:
-Петропавл қаласы жақсы дайындалған.Бізге дайындықтары ұнады. Біздің шәкірттеріміз жақсы жетістіктерге жетеді деп ойлаймын.Бассейн европалық стандарттарға сай жасалынған.Бізге ұнап тұр.

Қатысушылар 50, 100 метрлік  қашықтықта брасс,баттерфляй әдістері бойынша күш сынасты. Алғаш болып қысқа  қашықтықта еркін жүзу бағдарламасы бойынша қыздар жарысты. Бұл кезеңде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті Екатерина Гахокидзе алдына жан салмады.

  Екатерина Гахокидзе, жарысқа қатысушы:
-Бүгінгі қарсыластарым өте мықты болды. Мен ел біріншілігінде жеңген болатынмын.Сондықтан осы жолы да жақсы өнер көрсететініме күмәнім болған жоқ.

Бұл жарыстың салауатты өмір салтын насихаттап, жүзу спортын дамытуға септігін тигізері сөзсіз. Дода 3 күнге созылмақ.

Инеш Шоқақова