Білім

Математиктер форумы

Форум басталмас бұрын мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, жаңаша оқыту әдістерін ұсынды. Ш.Уәлиханов атындағы ауданның Бидайық орта мектебі өткен жылдың қараша айынан бастап электрондық білім беру жүйесіне көшіпті. Нәтиже жаман емес. Оқушылардың математика пәні бойынша білім сапасы аз уақыт ішінде 15 пайызға өскен. 11 жылдық еңбек өтілі бар Сандуғаш Қаппасова бүгін әріптестеріне осы әдістің тиімділігін айтып, тәжірибесімен бөліспекші.

  Сандуғаш Қаппасова, Ш.Уәлиханов ауданы, Бидайық орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі:
-Электрондық оқулықтың артықшылығы оқушы өз еркімен дайындай алады сабақты үй жағдайында. Белгілі себептермен сабақ босатқан күндері диск арқылы арнайы компьютеріне енгізіп сабақты қайталай алады. Және де ҰБТ кезінде дайындықта оқушылар электрондық оқулықты үйіне алып, өтілген тақырыптарды қарастырып еске түсіру мүмкіндігіндігі көп.

Математика пәні мұғалімдерінің форумы өңірімізде алғаш рет өтуде. Өкінішке қарай, облысымызда математика саласының жағдайы мәз емес. Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша қазақ мектептері арасында жақсы нәтиже көрсеткен екі мектепті ғана атап өтуге болады. Олар Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-лицей және қалалық классикалық гимназия. Кездесуде гумманитарлық ғылымдардың көлеңкесінде қалған математика пәнін дамыту үшін қандай шаралар қолдану керек екендігі талқыланды.

 Нұрикамал Жұмабаева, Солтүстік Қазақстан педагогтар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының әдіскері:
-Бұрын егер мұғалімдер сабақта тек қана бор ғана қолданса, қазір ақпараттық технологиялар көп. Және тағы интерактивті  тақтаны айтуға болады. Басқа да мультимедиялық кабинеттер, электрондық оқулықтар. Біздің үкіметіміздің, ғалымдардың берген бізге жеңілдіктерін қалай қолданып, қалай білім сапасын жоғары деңгейге қоямыз, міне осындай мәселелерді шешуге тиіспіз.

Енді математика пәнінің оқытушылары мамырдың 10-11-і өтетін республикалық форумда бас қоспақ

Айдана Демесінова