Қоғам

Сәуірдің 23-ші – екінші қайырымдылық сенбілігі

 

 

 

 

Өткен аптада Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған алғашқы сенбілік өткен еді. Тазалық шарасында қаламыздың 39 мың тұрғыны қолдарына күрек, тырма алып, қыстан қалған қоқысты жинаған болатын. Нәтижесінде көптің күшімен 490 мың тонна түрлі қалдықтар қала сыртына шығарылды. Дегенмен, әсем шаһарымыздың шеткері аудандарында әлі де тазалық шараларын жалғастыру керек.

 Руслан Мақашев,  қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы:
-Көп жұмыс тындырылды. Енді шалғай орналасқан аудандарды жинау керек. Осы жолы 68 облыстық және өңірлік кәсіпорындар Жұмысшы кентін тазалауға қатыспақ.

Қалада тазалық орнатамын дегендерді коммуналдық мекемелер техникамен қамтамасыз етпек.

Руслан Мақашев,  қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы:
 -Қала тұрғындарының құлағына алтын сырға, коммуналдық шаруашылық әр үйге келіп, қоқыстарын тегін шығарысады. Дегенмен, мұндай көмек сенбілікте ғана көрсетіледі.

Сәуірдің 16-сында өткен сенбіліктен 30 кәсіпорын ұжымы шет қалған екен. Енді табиғатты таза ұстауды парызы санамайтындарды әкімшілік жаза күтеді.

  Григорий Дроздов, Петропавл қаласы ІІБ учаскелік инспекторы
-Сенбілікке шықпаған кәсіпорындарға айыппұл саламыз. Сондықтан бәрімізге ортақ іске қатысуларыңызды өтінеміз.

Ұлы Жеңіске арналған шараны соғыс ардагері Жасұлан Құдабаев та құптайды. Қария отанды сүю туған жеріңнің тазалығын сақтаудан басталады дейді.

Жасұлан Құдабаев, соғыс ардагері, тыл еңбеккері:
-Кейінгі жастар бәрін білуі керек. Сенбілік жасап отыр. 23-і  анау күні өтті сенбілік. Осының бәрін соларға бағыштап берсе, қуаныш бізге сол.

Аға буын өкілінің бұл пікіріне жастар да ортақтасты.

Тұрғындар:

-Мен өзім мұғаліммін. Мектеп маңын жинауға қатысамын. Әрине, қаланы таза ұстасаң, көңілің де жайдарлы болады.
-Әрине қала таза болса, көз қуанады.

 

 Гүлден Сәрсенбаева