Балалар

Секталардан сақ бол!

 

 

 

 

Облыста бүгінде 200- ден аса дәстүрлі дін ошақтары бар. 30 шетелдік миссионер тіркелген. Яғни, дәстүрлі дінді ұстануға жағдай жасалған. Бірақ білімнің аздығынан жастар жолдан тайып, ел ішінде бүлік шығарғысы келгендердің құрығына түсе бастаған. Бұл жағдайлар 2000 жылдан белең алды. Тіпті өзге елдердегі террористік оқиғаларға қатысқан  қазақстандық жастар да тіркелген.  Сондықтан дәстүрлі діндерді ұстануға бет бұрған жастар алдымен мешіт пен шіркеуден ақпарат алғаны дұрыс.

Қасымхан Абдоллаұлы,  «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы:

-Елбасы айтқан, тегіміз – түрік, дініміз -ислам, құранды құрметтеуіміз керек деп. Егер бұрындары 68 мешіт болса, бүгінде 2 300-і тіркелген, 10 шақты медресеміз, университетіміз бар. Шетелден рұқсатсыз білім алып келіп жатқандар бар. Әр нәрсеге дәлел керек.  


Әсем Рахметова