Әр түрлі

Экология мен адам денсаулығы тығыз байланыста

 

Қазіргі күні экологиялық проблемалар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық  қауіпсіздігі бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі дейді дөңгелек үстелге қатысушылар. Сондықтан әңгіме тақырыбы өзекті.

Марина Маликова, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың бөлім меңгерушісі:
Бұл қоршаған ортаға келтірілетін зиян  және салауатты өмір сүруге қатысты мәселелер.

Шешілмеген мәселелер көп,  десек те соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөлінуде. Соның бір дәлелі облыста тұрмыстық қатты қалдықтарды жинап, пайдаға асыру кәсіпорны, көгалдандыру сияқты экологиялық жобаларды қаржыландырудың өсуі.  Аңшылық шаруашылықтарында өсімдіктер мен жануарларды қорғау жұмыстары жүргізіледі.  

Валерий Салтыков, Қызылжар мемлекеттік орман мекемесінің  маманы:

-Қыста түз тағыларына жем-азық беру ұйымдастырылады. Қызметкерлер браконьерлік және өрт болмауы жағын бақылауда ұстайды.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған кездесу  болашақ экологтар – СҚМУ университетінің жаратылыстану-жағрапия факультетінің студенттері үшін пайдалы болды.