Құрылыс

Жаңа технологиялармен таныстыру

 

 

 

 Бүгінгі күні Қазақстан жаңа даму сатысында тұр. Біз жыл сайын бәсекеге қабілетті, дамыған елдердің қатарына жақындап келеміз. Мұнда телекоммуникация қызметінің де үлесі бар. Сондықтан да аймағымызда байланыс саласында қызмет ететін кәсіпорындар жұртшылыққа өз жұмыстарының жемісін паш етті.

 Арман Өтегенов, СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары:
– Бұл оқиға Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған және адамның ғарышқа 1-ші ұшуының  50 жылдығына ұштасқан. Презентацияда спутник, телехабар, астрология, ұялы телефон сияқты инновациялық қызметтер көрсетіледі.

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы тұрғындар назарына iD TV интерактивті телевидениесі мен iD Phone қызметін ұсынды. Бұл мекеменің бүгінгі күнгі тағы бір жетістігі – жаңа форматтағы Triple Play қызметі

 Владимир Щановский, «Қазақтелеком» АҚ СҚ ОТД филиалының телекоммуникация жүйесінің дамуы бойынша техникалық директорының орынбасары :
– Бұл бір желі арқылы 3 бірдей қызмет көрсету. Ол телефония, интернетке қол жеткізу және цифрлық интерактивті телевидение. Бұл ғылымның алға басқандығының тағы бір дәлелі.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің астрофизикалық зерттеу орталығы да көрерменнің назарын өзіне аудара алды. Аталмыш орталық 5 жылдан астам қызмет етуде. Сондықтан да көпшілікпен бөлісетін тың идеялары аз емес.

  Сергей Сартин, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ астрофизикалық зерттеу орталығының жетекшісі:
-Ғарыш технологиясын, оның байланыс құралдарын пайдалану тиімді. Осы әдісті қолдану арқылы көптеген сапалы қызметтерге қол жеткізуге болады.

Киров атындағы зауыт та бұл шарада белсенділік танытты. Олар жерлестерімізге қысқа толқынды  байланыстың  мобильді кешенін, қысқа толқынды  радио желісінің артықшылықтарын паш етті. «Жаңа технологияларды ұсынуға әрдайым әзірміз», дейді қызметкерлер.

  Алексей Поротиков, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ бас конструкторы:
– Қазір біздің кәсіпорын цифрлық телевидениеге арналған өнімді шығармақшы. Бұл хабар тартатын  жүйе, антенналар жүйесі және көрермендер үшін қажетті абоненттік жабдықтар.
 
«Beeline» және «Алтел» компаниялары да азаматтарды жаңалықтарымен қуантты. Екеуі де жоғарғы жылдамдықтағы «3G» мобильді интернеттің тиімділігін көрсетті. Тұрғындарға жаңа технологиялар көрмесінде ұсынылған жобалар таңсық. Олар жаңашылдыққа қызығушылық танытып, өз сұрақтарын қойды. Барлығы да мол мағлұмат алды. і.

 Тұрғындар:

Қазір 21 ғасыр. Жоғарғы технологиялар кезеңі. Мұнда тамашалайтын қызықты нәрселер өте көп. Әсіресе iD TV-ға көп көңіл бөлдім
«3G» мобильді интернеттің қызметі ұнады. Сонымен бірге СҚМУ-дың ұсынған жобасы көңілімнен шықты
Жақсы көрме өтіп жатыр. Көптеген пайдалы ақпарат жидым.

Айдана Демесінова