Балалар

Тараздан жеңіспен оралды

  
 

 

 

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған конференция мың жарымнан астам жас ғалымдардың басын қосты. Оған тек еліміздің ғана емес, сонымен бірге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да шетелдердің талаптылары жиылды.

  Бекзат Тоқпанова,  Ә. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының мұғалімі:
– Балалар өздері ғана қатысып қойған жоқ.
Басқаларды да тыңдап, олар үлкен, маңызды, үлкен дәрежеде өткен конференция болды. Біз оған барып келгенімізге өте қуаныштымыз. Балалар, оқушылар да сондай табыспен оралып, зор қуанышқа бөленіп жатырмыз.

Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің астықты аймағы. Сондықтан да Абылайхан Ысқақов өз жобасын өңіріміздің негізгі байлығымен ұштастырған. Оның ойынша, облысымыз тәуекелді  егін шаруашылығы аймағына жатады екен. Өйткені біздің жерде тән ауа райының құбылмалы болуы   егіннің өсуіне кері әсерін тигізеді. Осының барлығын зерттей келе, дарынды бала байқауға өз құралын  ұсыныпты.

  Абылайхан Ысқақов,  Ә.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:
-Ол прибор агроном немесе фермерге үлкен көмегін тигізеді. Қысқа мерзімді болжамдарды іске асыру үшін осы приборды қолдануға болады. Мысалы, қандай ылғалдылық, қандай температура осы барлық мәліметтерді жинай отырып, қысқа мерзімді болжамдар жасауға болады.

Ал Данагүл Қабыкенова «Солтүстік Қазақстан облысының соңғы 20 жыл ішіндегі демографиялық жағдайы» тақырыбында зерттеу жүргізіпті. Халық санының азаю себебін анықтау үшін 2 жыл бойы жұмыс жасаған екен. Оған туу көрсеткіштерінің кемуі мен көші-қонның әсер ететініне көз жеткізген қыздың жобасы 3-орынға лайық деп танылды. «Бүгінгі күні бұл өзекті мәселелердің бірі», – дейді 10-сынып оқушысы.

  Данагүл Қабыкенова, Ә.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:
-Тараз қаласына барып, осындай жоғары дәрежеде өткен халықаралық ғылыми конференцияға қатысқаныма өте қуаныштымын. Қатысып қана қоймай, жүлделі орындар алып келдік. Ол, әрине, ұстаздарымыздың арқасында.
Ұстаздарыма үлкен рахмет.

Халықаралық конференцияға Дархан Мағзұмов та тарих пәнінен жазған жобасын ұсыныпты.  Бұл жерлесіміздің  зерттеу де алғыс хатқа ие болды.

Айдана Демесінова