Әр түрлі

Қайырымдылық акциясы

 

 

 

Марина Шафран көптеген киімдердің арасынан   қонымдысын таңдағанша 3 жасар қызы ұнаған ойыншықтарын сөмкеге жинап үлгерді. Зарина 6 жасар ағасы Эдикті де ұмытпапты. Жалғыз басты анаға екі баланы бірдей  жеткізу оңай шаруа емес. Біздей адамдарға көмек қолын созатын қайырымды жандардың табылып жатқанына алғысым шексіз дейді Марина

  Марина Шафран:
– Мен көптеген жаңа киімдер мен түрлі қажетті заттарды таңдап алдым. Шешеме көйлек, құрбыма да жақсы сыйлық таңдадым, Ұлыма коньки алдым. Біздің жағдайымызды түсініп көмек жасағандарына рахмет.  

Жетім көрсең -жебей жүр қағидасын ұстанатын «Эра милосердия» қоғамдық бірлестігінің бұл ұйымдастырған алғашқы қайырымдылық акциясы емес. Әл- ауқаты төмен көмекке зәру жандарға бұл жерде таңдау көп. Әсіресе киім-кешектің сан түрі бар.

  Галина Калинкина, «Эра милосердия» ҚБ төрайымы:
– «Тайга» базарында арнайы контейнеріміз бар. Онда қайырымдылық акцияларына атсалысам дегендер киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттарды қалдыра алады. Халықаралық балалар күнінде тағы бір игі шара ұйымдастыруды көздеп отырмыз.  

Біреуге қажет болмаған затқа өзгелер зәру болуы мүмкін дейді қоғамдық бірлестктің мүшелері. Сондықтан игі іске атсалысу, біріншіден, адамгершілікке тәрбиелейді. Бұндай қайырымды жандар үшін алғыстан артық баға жоқ. Ұйымдастырушылар кішкентай қонақтарына тәтті базарлықтар таратты

 Жеңіс Ермұқанов