Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары ардагерлермен кездесті

ІІБ-да мұндай кездесулер дәстүрге айналған. Сексеннің сеңгіріне шыққанмен де, бұл жолғы жиынға ардагерлер белсенді қатысты. Никита Семенов қазір 91-де. Ол соғыс кезінде Отан қорғаушылардың алдыңғы шебінен көрінген. Кейін тәртіп сақшысы болып қызмет етеді. Сондықтан ардагердің жас тергеушілерге айтары мол. Тәжірибелі қарттың әңгімесін жастар ұйып тыңдады.

  Никита Семенов, Ұлы Отан соғысының ардагері:
Бізді ІІД жиі шақырып, әңгімелесіп, көңілімізді көтеріп тұрады. Мұндай құрмет тек қана 9 мамыр, қарттар күнінде ғана емес, сондықтан ардагерлердің атынан алғысымды білдіремін.

Өңірімізде соғыстан кейінгі жылдары полиция сапында қызмет еткен 15 ардагер қалды. Тәртіп сақшылары қарияларға медициналық көмек көрсетіп, әрдайым қолдау білдіруде. Олардың ерен ерліктері жас мамандарға үлгі.

Инеш Шоқақова