Балалар

Жас суретшілер Динара мен Романның жеңісі

 

 

 

“Ғарышты бағындыру” тақырыбындағы халықаралық балалар суреті байқауына 32 елдің 10 мыңнан артық жас қылқалам шеберлерінің туындылары келіп түсіпті. Оның 40-қа жуығы біздің өңір оқушыларының еңбегі. Екі жерлесіміздің жіберген суреттері ақтық сынға өтіп, үздік деп танылған мың еңбектің ішіне еніпті. 8 жасынан қылқаламын қолынан тастамай келе жатқан Динара Салықованың бұл әлемдік деңгейде танылған алғашқы туындысы емес.

  Динара Салықова ,  №17 ұлттық өркендеу мектеп- кешенінің оқушысы:
– Мен Марс пен Спутник ғаламшарларын салдым. Мен үшін бастысы өз өнерімді көпшілікке таныту. Мақсатым орындалып, тағы бір халықаралық жүлдеге ие болғаныма қуаныштымын.

Тағы бір солтүстікқазақстандық финалист Роман Кузнецов үшін ғарыш тақырыбы аса жақын екен. Жас суретшіге 7 жасында Байқоңырды өз көзімен көру мүмкіндігі туыпты.

  
Роман Кузнецов, №17 ұлттық өркендеу мектеп- кешенінің оқушысы:
– Ғарыш кемесінің ұшқан сәті әлі есімде. Алған әсерімді суретімде жеткізуге тырыстым. Болашақта жаңа зерттеулермен танылатын археолог-ғарышкер болғым келеді.

Үздік деп танылып іріктелген суреттер Швеция елінің әлемге әйгілі мұражайынан орын тепті.

Жеңіс Ермұқанов