Спорт

Каратэшілер «Аstana open» турнирінен 11 медальмен оралды

Жарыста Ресей, Өзбекстан және еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған спортшылар бақтарын сынады. Барлығы 260 үміткер.

  Асхат Сақыпкереев, СҚО карате-до федерациясының президенті:
– Осы үлкен жарыста біздің Петропавлдың да құрама командасы болды. Балаларымыз жасөспірімдер күрес спорт мектебінің оқушылары каратэ бөлімінің. Балалардың көрсеткен нәтижесіне қуаныштымыз.

Алдияр Жаңабергеновтың шығыс жекпе-жегінің бұл түрімен шұғылданғанына 6 жыл. Нәтиже бар. 13 жасар Алдияр талай жарыстардың жеңімпазы, спорт шеберіне үміткер. Жас спортшының алдағы мақсаты – әлем чемпионы атану.

 Алдияр Жанабергенов, “Astana open” халықаралық турнирының чемпионы:
– Мен Астана чемпионатында 4 рет жекпе-жекке шығып,төртеуін де жеңдім. Әсіресе, мықты спортшы Қарағанды қаласынан болды.Алдағы мақсатым жарыстарға дайындалып, әлем чемпионы болу.

Ал 14-15 жастағылар  арасында жеңімпаз атанған Темірлан Қадыров  Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Ол сәуірдің 22 -24 күндері Ақтөбе қаласында өтпек.

Инеш Шоқақова