Құқық қорғау органдары

Жасырын цех жабылды



 

 

Жасырын өндіріс Петропавл қаласының Универсальная көшесінің бойында орналасқан. Цех қызметкерлері көзге түспес үшін нан-тоқаш бұйымдарын түнгі уақытта ғана пісіріп отырған. Ал бұл өнімдер жасалатын жер санитарлық жағдайға мүлдем қайшы десек, тұтынушылардың тәтті бұйымдарға деген көзқарасы мүлдем өзгерері хақ. Себебі мына көзді қызықтыратын бұйымдар ыстық пештен шыға сала дәретхана жанында жерде суытылатын көрінеді.  Наубайшылар жоспарға сай нан, рулет, тоқаш, чизбургер, сэндвич, хотдог, лаваш, пицца пісіріп отырған. Оның барлығын 3 адам кезекпен алмасып, жүзеге асырса керек. Жұмыс беруші қол астындағыларға айына 15 мың теңгеден жалақы беріп отырған. Цех қызметкерлері санитарлық талаптан жұрдай орынға әбден үйреніп алған сыңайлы. Айналадағы қоқыстан жиренбейді де.
Қазіргі кезде астыртын наубайхананың қызметі тоқтатылды. Анықталған факті бойынша жиналған материал Петропавл қалалық мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жіберілді.

 Гүлден Сәрсенбаева