Әр түрлі

Христиандар Благовещение мерекесін тойлауда

 

 

2 мың жылдық тарихы бар бұл таңғажайып оқиғадан соң қалыптасқан уағыздар бүгінге дейін берік сақталып келеді. Діни кітапта құдай сөзін адамдарға жеткізетін екі әлемді байланыстырушы нәресте тек құдайға мінсіз құлшылық ететін жаны таза, пәк анадан туады делінген. Бұндай бақытқа  Мария қыз бөленіп, дүниеге Иса пайғамбарды әкеліпті.

 Анатолий әкей:
– Марияға періште Гавриил әлемді бар жамандықтар мен аурулардан, апаттар мен өлімнен құтқаратын құдай ұлы Иса пайғамбарды дүниеге әкелетіні жөнінде хабарлады. Осылайша жұмақтан келген хабаршы адамзаттың табиғаты өзгеретін күннің алыс емес екендігін жеткізді.  

Благовещение мейрамы православтықтар ауыз бекітетін 40 күннің ішінде бірге тойланады. Мерекелік дастарқанға міндетті түрде балықтан әзірленген тағамдардың қойылуы шарт. Бұрындары тіпті жұмыс істеу күнә деп саналыпты. 7 сәуірде бейбітшілік құстарын аспанға жіберу дәстүрі қалыптасқан екен. Нәзік жандарға іс тігіп, тоқумен айналысуға тыйым салынған.

  Сергий әкей:
-Архангел Гавриил  Марияға келгенде ақ бұтақты тарту етіпті. Содан бері нәзік жандарды қуанышты сәттерімен құттықтағанда гүл шоқтарын сыйлау дәстүрі қалыптасқан.

Бұл күні шіркеулерге жиналған христиандар құдайға жалбарынып жақындарын бар жамандық пен қайғыдан сақтауын сұрайды.

 Жеңіс Ермұқанов