МТРА жаңалықтары

Ер есімі-ел есінде.

Петропавл құрылыс- экономика колледжінің ұстаздары мен студенттері Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесті. Қан майданда фашистерге қарсы тұрып, туған жерді қорғап қалған қарттарға кең дастарқан жайылды. Шай үстінде олар өткен күндерді еске алды.


 

Қарт майдангер Энгельс Андронов үшін Петропавл құрылыс- экономика колледжі ерекше ыстық. Себебі ол осында білім алды, 1942 жылы майданға аттанып, жаумен жағаласты, Ұлы Отан соғысынан соң өзі қанат қаққан шаңырақта ұстаздық етті.  


Энгельс Андронов, соғыс ардагері:
-Аға буын әрқашан жастармен кездесуге қуанышты.
Біз оларды көргенде ұрпағымыздың жалғасып жатқанына көз жеткіземіз. Қазір олар біз сыйлаған бейбітшілікті сақтап қалулары керек. Олардың алдында тұрған басты міндет сабақтарын жақсы оқу.  

 

Колледж студенттері алдыңғы буын өкілдерін тек Ұлы Жеңістің қарсаңында ғана естеріне алмайды. Олар үнемі ардагерлермен байланыста болып, қарттарға қолғабыс етеді.

Студенттер:
-Біз ардагерлердің үйлеріне барып,  үй шаруасына көмектестік.Тек Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ғана емес, сонымен бірге еңбек ардагерлері мен колледжде еңбек еткен қарттарға да көмектесіп отырамыз.
 -Сұрапыл соғысты көрген жандар тарихи оқиғаны, бастан өткізген қиындықтарын әңгімелейді. Олардың ерен еңбектерін ұмытпаймыз, оларды әрдайым құрметтеп отырамыз.


Колледж
де Кеңес Одағының батыры, ұшқыш космонавт Александр Викторенко да қонақта болды.   Атақты  жерлесіміз Мскеуден осы кездесуге арнайы келіпті.

Александр Викторенко, Кеңес Одағының батыры, ұшқыш-космонавт:
 Бұл мекемеде оқуы жақсы студенттерге менің атымдағы сыйақы тағайындалған болатын. Соны өзім табыстаймын.