Қоғам

“Шет қалма! Қосыл!”

 

 

 

  
Мұндай шара ЮНЕСКО клубтары қауымдастығының ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірінде өтпек. Тарихи-өлкетану мұражайындағы көрмеден 81 шығармашылық жұмысты тамашалауға болады. Бұл суреттер сатылған жағдайда орны өзге туындылармен толығады. Түскен қаражат Жапонияда табиғат апатынан зардап шеккен бүлдіршіндерге жөнелтілмек. Көркемсурет  лицейінің  оқытушысы Айжан Даирова осы қайырымдылық шара арқылы жапондық балаларға қол ұшымызды созбақ болдық дейді.

  Айжан Даирова, сурет және кескіндеме пәнінің оқытушысы:
Біздің лицейдің оқушылары осы шараға белсенді қатысты. Өздерінің шығармашылық жұмыстарын осы сурет жәрмеңкесіне ұсынды. Мен өзімнің 2 жұмысымды ұсынып отырмын.

Көрмеге қағаз, ермексаз, гипс және өзге де қолда бар заттардан жасалған туындылар қойылған. Әр жұмыс көздің жауын алады. Елена Бутенко осыдан 3 жыл бұрын ағаштан жұмыртқа жасаған екен. Енді сол туындысы игі іске жаратылмақ.

  Елена Бутенко,  №1 мектеп оқушысы:
Мен біздің көмегімізге мұқтаж жандарға көмектесіп жатқаныма қуаныштымын. Құрдастарымның жағдайын жақсарту үшін өз үлесімді қосқаныма өте ризамын.

Акциядан өңіріміздің белгілі суретшілері де тыс қалмады. Қылқалам шебері Вячеслав Смирновтың өнер туындыларында сан жоқ. Ол аталмыш көрмеге де құр қол келмеген. Суретші өзінің 3 пейзаж жұмысын жәрмеңкеге ұсыныпты.

  Вячеслав Смирнов, белгілі суретші:
Жапонияда орын алған жағдайға баршамыздың жанымыз ауырады. Бұл шара бүлдіршіндерге аз да болса көмек болады деген ойдамын. Сондықтан өз жұмыстарымды да ала келдім.

  Қайырымдылық жәрмеңкесі сәуірдің онына дейін ашық.

Инеш Шоқақова