Құқық қорғау органдары

Қоғамдық тәртіп сақшыларының жиыны

 

 

 

 

 Жиында жыл басынан ІІД мен жеке күзет құрылымдары бірлесіп атқарған жұмыстар талқыланды. Бүгінгі күні облыста 87 жеке күзет құрылымы, оның ішінде 2 099 адам қызмет жасайды. Арнайы даярлықтан өткен сақшылар қоғамдық тәртіпті ойдағыдай күзетіп жүр. Жиында  сондай-ақ қызмет барысында қырағылық танытып, қылмыскерді ұстаған «Боец» ЖШС күзетшісі Святослав Бардуков марапатталды.  Бірлесе көтерген жүк жеңіл дегендей, тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіп күзетінде бірлесіп қызмет атқарудың маңызын атап өтті.

Мерген Жұмағұлов, СҚО ІІД бастығының орынбасары:
– Қызмет барысында кемшіліктер болып жатады. Бұл бағытта әлі де біраз жұмыс атқаруымыз керек. Біздің басты мақсатымыз облыстағы қоғамдық тәртіпті күзету. Сол себепті біздің қарым-қатынасымыз қаншалықты тығыз болса, жұмысымыз да нәтижелі болады.  

Кездесу соңында «СҚО бойынша үздік мемлекеттік емес күзет құрылымы» сайысының жеңімпаздары  марапатталды.

 Кәусар Аяпбергенқызы