МТРА жаңалықтары

Кешкі сағат сегізде облыстағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды

 

 

 

 

 Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында 398 мың 851 дауыс беруге құқығы бар азамат тіркелген. Жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00 де өңір азаматтардың 91 пайызы өз таңдауларын жасап, болашақ Президентке дауыстарын берді. Облыстық сайлау комиссиясының өкілдері саяси маңызды науқан кезінде ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ деп хабарлайды. Біздің арнаның түсіру тобы облыстық санақ департаментінде орналасқан №726 сайлау учаскісіндегі сайлау науқанының аяқталу барысын бақылады. Комиссия мүшелері байқаушылардың алдында дауыстарды санап, қорытындысын орталық сайлау учаскесіне жөнелтеді.

  Аягөз Кәкімова,  №726 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы:
– № 726 учаскеде 1803 адам тіркелді. Таңғы 7 мен 8 аралығында олардың 1241 дауыстарын беріп үлгерді. Және сондай-ақ денсаулығының мүшкілдігіне қарай сайлауға қатыспағандарға да дауыс беру мүмкіндігі берілді. Үйлерінде таңдау жасаған сайлаушылар 61. Жалпы сайлау заңнамасын бұзу тіркелмеді. Бәрі тәртіппен өтті.
Петропавлдық сайлаушылар өздерінің белсенділігін таныта білді.  

 Жеңіс Ермұқанов