Құқық қорғау органдары

Заңсыз наубайхана бір жыл бойы қызметін жалғастырған

 

 

 

Цехта ас атасы наннан бастап ұннан сан түрлі тағамдар пісіріледі. Дүкендерге жөнелтудің кезегін күтіп тұрған соңғы партия сауда сөрелеріне жетпей қалатын түрі бар. Лаваш, пицца, сан алуан тәтті тоқаштардың көптігі сонша тіпті  еденде қаз-қатар тізіліп жатыр. Мұның бәрін тек екі адам әзірлейді екен. Наубайшы мен цех әкімшілігі сондай-ақ әріптестеріне нан-тоқаш өнімдерін өздері жеткізіп жүргізуші мен жүк тасушының қызметтерін де қатар алып жүруге үлгеретін көрінеді. Тексеріс барысында кәсіптерін растайтын қағаздары түгіл, бірінің төлқұжатының жоқтығы да анықталды. Шағын бөлменің іші тазалықтан жұрдай. Шаң-тозаң, әр бұрышта арақ-шараптың бос бөтелкелері қаптап жатыр. Тұрғылықты мекендері де осы жер. Ішімдікке құмар бизнесменсымақтар заңсыз істерін тек түнде ғана жүргізіпті. Осылайша көлеңкелі кәсіптерін  бір жыл бойы дөңгеленткен көрінеді.   

  Абай Оспанов, СҚО ІІД-нің ҰҚКБ бөлімінің бастығы:
Цехта тәркіленген 150 килограммнан астам дайын өнім жойылатын болады, ал кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жиналған бар материал Петропавл қалалық мемлекеттік санитарлық- эпидемиялогиялық қадағалау басқармасының қарауына жіберіледі.

 Жеңіс Ермұқанов