Қоғам

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын деп есептейді Александр Липовой

 

 

 

 

Бұл жыл осы уақыт ішінде жеткен жетістіктер мен атқарылған жұмыстарды сарапқа салып, болашақтың бағыт-бағдарын айқындап, алдағы күннің міндеттерін пысықтайтын жыл.Мемлекет дамуының алдағы он жылдағы басымдықтары Елбасының биылғы халыққа арнаған жолдауында нақты белгіленіп отыр. Бұл болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

 Александр Липовой, Петропавл қаласының Құрметті азаматы :

– Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын. Еліміз бүгінгі таңда серпінді түрде дамып келе жатыр. Алға үлкен мақсаттар қойып отыр. Биылғы жолдауда халықтың әлеу­меттік әл-ауқатын көтеруге қа­тыс­ты ауқымды іс-шаралар қа­растырылған, экономиканы ин­дус­триялық-ин­новациялық дамы­ту бойынша жаңа міндеттер айқындалған. Олар­ды жүзеге асыру дағдарыстан кейінгі дамудағы маңызды ба­сымдықтар болмақ. Биыл елімізде тағы бір маңызды саяси оқиға – кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл шараға барлық қазақстандықтар асқан жауапкершілікпен қараулары тиіс. Өйткені бұл біздің болашағымыз.

Айымгүл Әбілева