Білім

Бірінші лицейге – 20 жыл

  

 

 

 

 

1-ші лицей іргесін қалағалы талай толқын білім алып, үлкен өмірге аттанды. Олардың көбі түрлі қызметтерде Отанымыздың дамуына үлес қосуда. Евгений Скульдицкий 11 жылдық білімді осы лицейде алды. 2004 жылғы түлек өзі сүйетін ұжымның мерекесіне ортақтасуға келген.

  Евгений Скульдицкий, Бірінші қалалық лицейдің түлегі:
Маған лицей қабырғасында алған білім университетке оқуға түскенде де көп себін тигізді. Мен бағдарламашы мамандығын таңдадым. Онда лицейде математикадан алған білімім септесті. Бүгін оқытушылар ұжымын мерекемен құттықтауға келдім.

Лицей шәкірттері концерттік бағдарлама әзірлепті.  Елеулі оқиғаға орай ұйымдастырылған шараға бастауыштан бастап, жоғары сынып оқушыларына дейін белсене атсалысуда.

  Артем Михальков, Бірінші  қалалық лицей  оқушысы:
 -Маған лицейде оқыған ұнайды.
Білім беру жүйесі жақсы жолға қойылған. Лицейді 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.

Лицей бүгінгі күні қаламыздағы ең мықты білім ошақтарының бірі. Ол өткен жылғы ҰБТ нәтижесі бойынша бірінші орынға ие болды.  

  Айгүл Төлегенова, Бірінші  қалалық лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы:
-Менің лицейде жұмыс істеп жүргеніме алты жыл. Бұл білім ордасы әрдайым көш алдында жүруге, сапалы білім беруге тырысады. Оқыту жүйесінде жаңа бағдарламаларды ғана қолданамыз.


20 жылдық мерейтой ән мен думанға, қуаныш пен шаттыққа, жылы тілек пен лебізге толы болды.   Лицей ұжымын айтулы күнмен құттықтауға қаламыздың барлық оқу орындарының өкілдері жиналды. Салтанатты шарада ең үздік мұғалімдер мен оқушылар грамоталармен марапатталды.

Гүлден Сәрсенбаева