Құқық қорғау органдары

Полицейлер бір күнде екі бірдей ұрыны ұстады

 

 

 

 

 Петропавл қаласының тұрғыны дүкенге барып тауар сатып аламын деген ойын жүзеге асыра алмады. Көңілге қонымды бұйымының құнын өтеймін десе сөмкесі ашық, әзірлеп қойған ақшасы жоқ. Белгісіз біреу әмиянін қолды етіпті. Оған қоса ұрының күміс әшекей бұйымдарын да іліп әкеткендігін анықтайды. Азаматша бұл туралы бірден тәртіп сақшыларына хабарлайды. Көп кешікпей жедел іздестіру шараларының арқасында күдікті қола түсті. Ұсталған қалта ұрысы ретінде полицейлердің тіркеуінде тұр. 27 жасар күдікті дәл осы баппен айыпталып, бір ай бұрын ғана жазасын өтеп шығыпты. Бөтеннің қалтасына қол сұққан алғашқы әуестігі үшін тартқан жазасы сабақ болмай , енді міне ескі кәсібіне қайта басқанға ұқсайды. Арызданушыдан олжаланған заттар табылды, арасында тек 6 мың теңге ақша болмады. Бұл ақшаны айыпталушы қажетіне жұмсап үлгергендігін айтады. Тағы бір қалта ұрысының ойы жүзеге аспай, жолы кесілді. Ол 20 мың теңгені жұмсамақ түгіл, жымқыртып та үлгермеді. Әйел адам орталық базарда сатушының әмиәнін алып шықпақ болғанда ұсталды. Жалпы бүгінде ішкі істер органдарында 36 қалта ұрысы тіркеуде тұр екен. Оның 18-і түзету мекемелерінде тиісті жазаларын өтеп жатыр.

Жеңіс Ермұқанов