Денсаулық сақтау

Педиатрлар жаңаша жұмыс істейді

 

 

 

 

Бұл тұжырымдама осыдан он жыл бұрын әзірленген. Бірақ бүгінгі таңда оның жемісі жөнінде сөз ету ертерек. Жергілікті жерлерде жүйелі жұмыс жүргізілмегендіктен бағдарлама толыққанды іске асырылмай отыр. Оның бір себебі – бұған дейін бұл бағдарламамен жұмыс істеуге дәрігерлер, медбибілер ғана үйретіліп келді, соңғы 3-4 жылдың тәжірибесі  емдеу мекемелерінің  бас дәрігерлерін де оқытпай бұл істің алға баспайтынын көрсетті дейді  балалық шақтағы ауруларды кіріктіріп емдеу республикалық орталығының жетекшісі Зәуре Оспанова. Осы  олқылықтың орнын толтыру үшін  барлық өңірлерде педиатрларды оқыту орталықтары  жұмыс істей бастады. Бағдарламаның  ерекшелігі кішкентай пациенттермен жұмыс істеуге жаңаша көзқарас қалыптастыруда. Мәселен, дәрігердің қабылдауына келген аналардың қолына арнайы парақ табыс етіледі. Онда сәбилерді қай жаста қалай тамақтандыру,  қалай ойнату керектігі, бала күтіміне қатысты тағы басқа    түрлі ақыл-кеңестер беріледі.  Яғни, бағдарлама ата-аналар мен дәрігер арасында тығыз қарым-қатынас орнатуды көксейді.

 

Айымгүл Әбілева