Kurultai banner mobile

Әр түрлі

Электрондық салық төлеушіге құлаққағыс



 

 

Салық міндеттемесін, зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі хабарламалар әр салық төлеушіге жазбаша қағаз не электронды түрде жеткізіледі. Соңғысы бойынша жіберілген хабарлама 5 күн ішінде салық төлеушіге тапсырылды деп есептеледі.

Жанат Меңдікеев,  СҚО Салық департаментінің мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы:
-Бұл тәсілмен осы кодекстің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген тұлғаға ғана жіберіледі.

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркелуге әркімнің құқығы бар. Ол үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша құзырлы органға өтініш жазу жеткілікті.

Жанат Меңдікеев, СҚО Салық департаментінің мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы:
-Бұл жолмен тіркелген адам электронды байланыс арқылы құжат алмасып, түрлі хабарламаларды, жаңалықтарды оқи алады. Ал келген ескертпелерді ол міндетті түрде 5 жұмыс күнінің ішінде оқуы міндетті.

Өйтпеген жағдайда банктік есеп бойынша операцияларды тоқтатудан бастап әкімшілік жауапқа тартуға дейінгі жаза қарастырылған.

Кәусар Аяпбергенқызы