Билік

Алдағы қыста ұстаздар мен оқушылар тоңбайтын болады

Мектеп-гимназия ғимараты осыдан 44 жыл бұрын салынған. Өткен жылдары жылыту жүйесі тазартылып, шатыр жөнделгенмен ғимарат қатты қыста азынап, пана болмаған. Мектептегі температура кем дегенде +18 градус болуы керек. Бірақ өткен желтоқсанда сыныптардағы температура 14-15-тен көтерілмепті. Бірден-бір себеп – терезелер тозған.

Жылу ұстамайды. Қыста ұстаздар

 

полиэтилен тартып, әлек болады. Жылыту жүйесі де ескірген.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:

-Бір сыныпта төрт бірдей секция тұр. Олардың өздері екеуден қосылған. Сондықтан сыныптың іші ысып кетуі керек.

Мектептің жылыту жүйесін толық сараптаудан өткізетін уақыт жеткен. Мүмкіндігінше біраз дүниелерді ауыстыру қажет.

Игорь Киселев, облыстық құрылыс басқармасының бастығы:

-Жылыту жүйесін толық тексеру керек. Терезелерді ауыстырмай болмайды. Сәуір айының ішінде жұмыс көлемі мен қажет қаржыны анықтап бере аламыз.

Мектеп-гимназиямен қатар жылытылатын мәдениет үйіндегі жағдай өзгеше. Кірген бетте ғимарат іші жылы. Қыста да ғимараттағы жағдай тұрақты болған. Бұл нысандарға от бетерін «Жігер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының қазандықтары, әрине, сын көтермейді. Облыс әкімі аудан мен құрылыс басқармасының басшыларына мектептің терезелерін ауыстыру үшін қажет қаржыны есептеуді тапсырды. Білім ордасының жылыту жүйесінің жартысы, ал мекеге жылу таратып тұрған қазандық толық жаңартылуы керек. Жоба-сметалық құжаттарды сәуір айында толық әзірлеу тапсырылды. Ал жылдың екінші жартысында жұмыс басталмақ. Бұдан кейін облыс әкімі «Жігер» коммуналдық кәсіпорнында да болды. Мұндағы техниканың барлығы жол тазалау жұмыстарына жұмылдырылған.

 Әсем Рахметова