Қоғам

“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!”



Елбасына қолдау көрсетуге түрлі саланың қызметкерлері, аға толқын мен өскелең ұрпақ өкілдері жиналды. Барлығының айтары бір – ұлт көшбасшысы – тұңғыш Президентіміздің көреген жетекшілігімен бүгінгі гүлденген Қазақстанды құрып отырмыз. Егемендіктің жиырма жылы ішінде еліміз үлкен жетістіктерге жетті. Мемлекеттің экономикалық жағдайы түзеліп, халықтың тұрмыс деңгейі көтерілді. Барлық салада оң өзгерістер байқалады. Бүгінгі таңда қазақ елі – әлемдегі өркениет жолымен серпінді дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Алға айқын мақсат қойып, оған жету жолында батыл қадаммен алға жылжып келе жатыр. Форумда сөз алғандардың әрбірі елінің бұл табыстарын айырықша мақтан тұтатындарын жеткізді. Ал кейінгі буын өкілдері болашаққа сеніммен қараймыз десті. Аға толқын жастарды ел үшін өте маңызды саяси шараға барынша үлкен жауапкершілікпен қарап, дұрыс таңдау жасауға шақырды. Бүгінгі форумға жиналғандар елінің болашағы, өзінің келешегіне бейжай қарамайтындар. Сәуірдің үші өтетін сайлау кезінде солтүстік жұртшылығы азаматтық парыздарын орындауға дайын. Бұндай акция қазірде республиканың барлық өңірлерінде өтіп жатыр.
Айымгүл Әбілева