Спорт

Дзюдошылар жеңісі

 

 

 

 

Белбеу күресінен өткен республика чемпионатында облыс намысын 5 спортшы қорғады. 55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Руслан Есенбергенов жастар арасында үздік атанды. Әділ Шәкенов 3-ші  орынға ие болды.

  Уәлихан Дәуренбеков, СҚО белбеу күресінен бас бапкері:
– Додаға еліміздің 14 облысынан спортшылар жиылды. Біздің құраманың көрсеткен нәтижесі жаман емес. Маусым айында Моңғолияда өтетін жарыста жүлделі орынға ие боламыз деп ойлаймын.

Ал джиу-джитсудан өткен республика чемпионатында Аллаберген Қоспақаев 3 орыннан көрінді. Жерлесіміз 4 жекпе-жекке шығып, қарағандылық қарсыласынан ғана жығылған.

  Аллаберген Қоспақаев, джиу-джитсудан ҚР чемпионатының қола жүлдегері:
-Алдағы жоспарым осы қателіктерімді дұрыстап.одан да биік нәтижелер көрсеткім келеді.Арманым бар -Қазақстанның чемпионы болу.

Бүгінде бұл спортшылар мамыр айында Павлодар қаласында өтетін республика чемпионатына қызу дайындық үстінде.

Инеш Шоқақова