Спорт

Көркем гимнастикадан облыс чемпионаты

 

 

 

Жарыс шымылдығын бірінші болып Астана қаласының құрамасы ашты. Бұл елордалық меймандардың өңірімізде алғашқы өнер көрсетуі емес. Өткен  жолы талпыныстары нәтиже бермепті. Жас шеберлер  бұл жолы Петропавлға тек жеңіс үшін белді бекем буып келгендіктерін айтады. Сөздерін іспен нақтылап, шынымен де бағдарламалары үйлесімді шығып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Ал Лиза Завецкая жекелей сында облысымыздың намысын қорғауға әзірленіп жатыр. 13 жасында спорт шеберіне үміткер талабын мүлтіксіз орындаған жерлесіміз  Ұлттық құраманың сапында халықаралық додаларда бағы мен бабын сынап жүр.

 Лиза Завацкая, сайыскер, Петропавл қаласы:
Қарсыластарым өте мықты. Олармен әрдайым республика деңгейіндегі жарыстарда кездесіп тұрамыз. Десе де чемпиондық атағымды тағы бір мәрте қорғап қалуға барымды саламын.  

Жалпы сайыскерлер алғашқы іріктеу сынында таңдауы бойынша музыканың сүйемелдеуімен түрлі-түсті таспа, доп, шеңбер көмегімен аса иілгіш қасиеттерін барынша танытуға тырысып бақты. Ал кімнің ептілігі асып, мысы басатынын наурыздың 26-ы күні өтетін ақтық тартыстар анықтайтын болады.

Жеңіс Ермұқанов