Қоғам

“Мұнаймаш” тұрақты даму үстінде

 

 

 

 

Солтүстікқазақстандықтар да маңызды науқанда белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға дайын. “Мұнаймаш” акционерлік қоғамы соңғы жиырма жылда мемлекеттің қолдауының нәтижесінде тұрақты дамып келеді.

 

Алдағы бес жылға 10 млрд. теңгенің тапсырысы жасалған. Үстіміздегі жылы ресейлік компаниямен қондырғыларды толықанды жаңғырту үшін келісім жасалыпты. Енді кәсіпорын ұжымы маңызды саяси оқиға – Президент сайлауына әзірленіп жатыр.

  Сергей Григоренко, “Мұнаймаш” АҚ бас директоры:
Жиырма жыл әрине тарих үшін көп уақыт емес. Бірақ осы жылдар ішінде еліміз үлкен жетістіктерге жетті. Оған Қазақстан азаматтары барлығы куә. Біздің кәсіпорын да егеменді елімізбен бірге дамып келеді. Елдегі тұрақтылық арқасында үлкен нәтижелерге жеттік. Алдағы Президенттік сайлау – тәуелсіз еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға. Біздің кәсіпорынның барлық қызметкерлері міндетті түрде сайлауға қатысып, сәуірдің үші өз таңдауларын жасайды.

Айымгүл Әбілева