Бизнес және экономика

«Шапағатта» азық-түлік арзанырақ

 

 
Мұнда картоптың ғана емес, сондай-ақ өзге азық-түліктің де құны төмен. Мәселен, ас атасы нанның бөлкесі 38, ал ұнның бағасы 85 теңге. «Шапағат» дүкенінде сәбізді 85, пиязды 105 және орамжапырақты 115 теңгеге сатып алуға болады. Петропавл тұрғындары осындай бағамен тауарды «Шапағат» дүкенінің өзге де нүктелерінен ала алады. Олар қаланың 5 ауданында орналасқан.

  Галина Нұрсейітова, “Қызыл Жар – Ақбастау” коммуналдық базарының қызметкері:
– Шағын аудандардан , Борки поселкесінен, “Уют” дүкеніндегі нүктеден, Шоқан Уәлиханов атындағы көшеде орналасқан “Шапағат” дүкендерінен ала алады.  

Владимир Королев «Шапағат» дүкенінің тұрақты тұтынушысы. «Алысқа ұзамай-ақ қолжетімді бағамен азық-түлік сатып алуға болады”, – дейді зейнеткер.

 Владимир Королев:
– Мұндағы тауарлардың құны көңілімнен шығады. Барлығының бағасы төмен. Нанының дәмі әрдайым жаңа піскендей. Көкөністерін де жиі пайдаланамын.

Тауарлар дүкен сөрелеріне «Қызылжар- Ақбастау» коммуналдық базарынан жеткізіледі.

Айдана Демесінова