Әбу Досмұхаметов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп -интернат директоры Күлжан Түкенова сайлауалды науқанның өте қарапайым, тыныш өтіп жатқандығына назар аударғанын айтады. Сайлаушылар үшін әр кандидаттың тұғырнамасымен танысуға жағдай жасалған.
Күлжан Түкенова, Ә. Досмұхаметов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп -интернат директоры:
-Менің отандастарым жақсы шешім қабылдайды деп ойлаймын. Бұл жыл Қазақстан үшін табысты өтіп жатыр. Еліміз өзгелерге танылып жатыр. Саммитті, Азиаданы жақсы өткіздік. Сайлау алдында қысым жасалып жатқан жоқ. Бұл шара болашақ үшін, ұрпақ үшін маңызды. Ешкім бей-жай қалмауы керек.