Әр түрлі

Амантай Құдасбаевпен қоштасу

 

 

 

Амантай Бүкілбайұлы еңбек жолын Мағжан Жұмабаев ауданындағы Молодогвардейский нан қабылдау пунктінде бастаған. Партия жұмысына да араласты. Банк және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етті. Адал, өз ісіне жауапты тұлға ретінде замандастарының есінде қалды. Еңбек еткен барлық салаларда белсенді, сапалы жұмыс жасап, өзіндік ізін қалдырды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлесін қосты. Ауыл шаруашылығы саласындағы  еңбегі мемлекет тарапынан  лайықты бағасын да алды. Амантай Құдасбаев “Құрмет” ордені мен “Астана” медальдарын алған. Амантай Құдасбаевты соңғы сапарға шығарып салу шарасы Петропавлда наурыздың 18-і күні, сағат 11- де облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында өтеді.

Дана Ғизатова