Жолдағы рейд

Құқық қорғау органдары

6:44 16 Наурыз 2011

Сот актілерін  орындау жөніндегі департамент және жол полициясы басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шарада қарызы бар көлік жүргізушілері анықталмақ. Жол сақшылары кез келген көлікті тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын мемлекеттік сот атқарушыларына тапсырады. Кейін азаматтың мемлекет алдында борышының бар-жоғы компьютер арқылы тексеріледі. Егер жүргізушінің берешегі болса, оның көлігі тәркіленеді. Автокөлік иесі борышын толығымен төлеп болғаннан кейін ғана өз мүлкін қайтара алады. Ал қарыздан құтылмаған жүргізуші көлігінен айырылады.  4 сағаттық рейд барысында шамамен 100 автокөлік иелері тексерістен өтті. Нәтижесінде борышқа белшесінен батқан 8 азаматтың автомобильдері айып тұрағына жеткізілді. Болашақта мұндай рейдтік шаралар апта сайын өткізілмек.

 Нариман Назаров, Сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің мемлекеттік сот орындаушысы:
– Борышкерлер сот актілерін  орындау жөніндегі департаментке жөнелтілді. Борышын өтеп, тиісті құжаттарды әкелген азаматтарға көліктері қайтарылады. Ал айып тұрағына жөнелтілген автокөлік иелеріне 524-бапқа сәйкес хаттама толтырылады. Бұл іс әкімшілік сотта қаралады.

Айдана Демесінова