Қоғам

Азаматтық сектор даму үстінде

 

Петропавлдағы «Әйелдерді қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі 10 жылдан артық нәзік жандардың құқығын қорғаумен айналысып келеді. Олардың қызметіне жүгінетіндер қалада аз емес көрінеді. Құқығы аяқ асты етілген жандарға орталық жан-жақты көмек көрсетеді.

 Алина Орлова,  «Әйелдерді қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:
-Біз жұмысымызды бастаған 2000 жылы жалақысыз, еш қолдаусыз жұмыс істедік. Ал зорлық-зомбылық көріп, көмек қажет ететін әйелдер керісінше көп болды. Ал қазір үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс істеуіне бар жағдай жасалған, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде әлеуметтік гранттар бөлінеді. Бұған дейін елімізде 6 мыңдай үкіметтік емес ұйым болса, бүгінде олардың саны 30 мыңға жуық. Яғни мемлекетіміз азаматтық секторды дамытуға көп мән береді.

Кәусар Аяпбергенқызы