Спорт

Әскери самбошылар жарысы

 

Бұл – самбо күресінен өткізіліп отырған дәстүрлі  9-шы  турнир. Бірақ тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына арналған жарыстың деңгейі жылдағыдан бөлек. Оған дәлел – сайысқа халықаралық дәрежедегі спортшылардың көптеп келгендігі.

 Бауыржан Досжанов,  ҚР ІІМ ІӘ Әскери   институтының дене шынықтыру дайындығы және спорт кафедрасының бастығы:
– Былтырғыға қарағанда спорттың дәрежесі өсіп жатыр, былтыр аздау болып еді,  биыл құрамалар көбейіпті. Сондықтан сайыс қызық болады деп ойлаймын.

Мемлекеттік ту көтеріліп, әнұран әуені шырқалған соң, алғашқы палуандар кілемге шықты. Басқа күрес түрлерінен ерекшелігі – самбоның техникасында айтарлық шектеулер жоқ. Сондықтан әр белдесу тез әрі таза жеңіспен аяқталып отырды. Әскери институттың оқытушысы, күрестен Қазақстан және әлем чемпионаттарының жеңімпазы Мақсат Нүсіпов боз кілемге шыққанда жанкүйерлер тартысты күрестің боларын болжады. Үміттері ақталды. Санаулы минуттардан соң Мақсат қарсыласын жер қаптырды.

 Мақсат Нүсіпов,  ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтының оқытушысы, ҚР спорт шебері:
 -Жарысқа мықты-мықты палуандар келді,  әлем чемпионаттарының жүлдегерлері. Өзімнің қарсыласым мықты екен. Алғашқы кездесу болғандықтан, әрине, қиын болды. Бірақ алдын-ала дайындаған әдіс-тәсілдерінің арқасында жеңдім.

Самбо ҚР Ішкі Әскері бөлімдері арасында өтіп жатқан біріншілік аясындағы алғашқы спорт түрі. Қалған күндері әскерилер гір көтеру, қарудан ату, жеңіл атлетика сынды спорт түрлерінен күш сынасатын болады.

Кәусар Аяпбергенқызы