Құқық қорғау органдары

Көші-қон полициясының рейді

 

 

 



Шетелдіктердің көбі облысымызда заңсыз қалудың түрлі амалдарын тауып жатады. Осындай тұлғаларды анықтау мақсатында көші-қон полицейлері үнемі рейдтер жүргізуде. Жедел шара барысында шетелдіктердің құжаттары тексеріледі. Орталық базарда жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматы қалаға бір ай бұрын келіпті. Жұмысқа келек салысымен кірген. Бірақ оның еңбек етуге рұқсат қағазы мен санитарлық кітапшасы жоқ.

-Рұқсат етілмейтінін білдіңіз бе? Неге заңсыз жұмыс істеп жатырсыз?
– Мен білмедім, білген жағдайда жұмыс істемеуші едім.

Рұқсат құжаттары жоқ гастарбайтерлердің айтатыны бір. Олар республика заңдарын бұзып, қалайда  ақша табудың жолын іздейді. Сот шешімі бойынша Өзбекстан азаматы республика аумағынан шығарылды. Бұл жыл басынан бергі алғашқы оқиға емес. Биыл соттың шешімімен 36 шетелдік елден қуылды. Ал көші-қон заңының нормаларын сақтамаған 1000-нан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 13 жұмыс беруші басқа ел азаматтарының күшін заңсыз пайдаланғаны үшін  жауапқа тартылуда.  

Гүлден Сәрсенбаева