Қоғам

Елдің дамуына әйелдер лайықты үлес қосуда



 

Қазақстанның белсенді әйелдерінің алғашқы съезіне қатысу бүгінгі қоғамның бел ортасында жүрген нәзік жандар үшін үлкен абырой болса, мемлекеттің  бізге үлкен үміт артуы тіптен бақыт дейді Сәуле Оразова. Өйткені әйел адамдар басқарушы қызметті атқара алатындығын дәлелдеп берді. Оны Елбасының өзі мойындады, тек бұл жолы ресми қарар түрінде.

 Сәуле Оразова,  Қызыл Ай қоғамы филиалының төрайымы
 – Өзі жұмысбасты болғанына қарамастан Президент 1 күн бойы бізбен бірге болды. Франция балет бишілерінің өнерін бірге тамашаладық. Соңында ол 2016 жылға дейін елдегі басқарушы биліктің 30 пайызы әйел адамдардан тұруы керек деген қарар қабылдады. Бұл біз және Қазақстан үшін өте маңызды қадам.

Бүл Сәуле Оразова қатысып қайтқан алғашқы съезд емес. Бұған дейін ол 2 рет Қызыл Ай қоғамының үлкен жиынына атсалысқан. Осы қоғам жалауының астында 24 жыл үздіксіз атқарған орасан еңбегі үшін “Құрмет белгісі” орденімен да марапатталыпты.

Сәуле Оразова,  Қызыл Ай қоғамы филиалының төрайымы
 – Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары халықтың жағдайы мүшкіл болғандықтан біздің жұмысымыз да аса ауыр тиді. Көмек сұрағандар жиі келетін. Кейде осы офисімізде тамақ пісіріп,  таратуға тура келетін. Құдайға шүкір, қазір ондайлар мүлде жоқ.  

Елбасының биылғы Жолдауы да съезде талқыланған басты тақырыптардың бірі болыпты. Әйел азаматшалар білек сыбана кіріссе, ондағы міндеттер екі есе тез қарқынмен іске асарына сенімді Сәуле Оразова.

Кәусар Аяпбергенқызы