Құқық қорғау органдары

Жол полицейлері қыз-келіншектерге гүл сыйлады

 

 

 
Полицейлер мереке күндері де тәртіптің сақталуын қатаң қадағалап отырады. Алайда негізгі қызметтерін атқарумен бірге, мереке иелерін құттықтауды да ұмыт қалдырмайды. Жол полицейлері нәзік жанды жүргізушілерді мейрамдарымен құттықтап, гүл шоқтарын сыйға тартты. Мұндай игі шараға тәртіп сақшыларымен бірге «Центрас иншуранс» сақтандыру компаниясының өкілдері де қатысты.
Көктемнің жарқын мерекесінде арулардың көңіл-күйлерін бұзғымыз келмейді дейді полиция қызметкерлері. Сондықтан  инспекторлар жол ережелерін бұзған бойжеткендерге де жұмсақ мінез танытты. Оларға айыппұлдың орнына ескерту жасап,   сыйлықтарын ұсынды.  Акция аяқталғаннан кейін жол сақшылары шараның қорытындысын шығарды. Нәтижесінде рөлге отырған нәзік жандардың ер адамдарға қарағанда жолда жүру ережелерінен әлдеқайда азырақ ауытқитындығы анықталды.

Айдана Демесінова