Билік

Өңір басшысы соғыс ардагерлерін құттықтады

 
Облыс әкімі Серік Біләлов соғыс  ардагері,  80-нің сеңгіріне шыққан София Абушеваға еліміздегі жаңалықтардан құлағдар болсын деп мереке қарсаңында теледидар тарту етті.  София Нигмаджанқызы 20-ға енді шыққанда өз еркімен қанды соғысқа атаныпты. 1943-1944 жылдар аралығында Орталық майдандағы кескілескен ұрыстарда жауынгерлерге қару-жарақ жеткізіп тұрған екен. Қайсар жерлесіміздің кудесінде “Ерлігі үшін”, екінші дәрежелі “Ұлы Отан соғысы ” ордендері мен мерейтойлық медальдар жарқырайды.

 
София Абушева, соғыс ардагері:

 


 –  Қиын болса да төздік. Отан үшін жан аямадық. Соғыста кешкен ауыр күндерді ұрпақ көрмесін. Кейін күйреген ел эканомикасын көтеруге атсалыстық. Бүгінде өзімді жалғызбын деп санамаймын Мемлекеттің қамқорлығын сезінемін. Қайырымды жас ұрпақ бізді әруақытта ұмытпай құрмет тұтып, демеу жасайды. Бізге бұдан артық бақыт жоқ.  

Бұдан кейін өңір жетекшісі жүздеген жаралы жауынгерді өлім аузынан арашалап қатарға қосқан соғыс жылдарындағы 149-шы дивизияның санитары Антонина Давыдованы халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Серік Біләлов ардагерге қысқа толқынды пешті тарту етті.

Жеңіс Ермұқанов