Спорт

Волейболшылар турнирі

 

 

 

Жарыста  облыстық ішкі істер департаментінің  аппараты мен аудандық полиция қызметкерлері өзара мықтыны анықтады. Бірінші болып жарыс алаңына аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары мен облыстық ІІД жетекшілері шықты. Бір бірінің қақпасына алма-кезек доп соққан тәртіп сақшылары тартысты ойын көрсетті. Десек те аудандықтардың бағы жанып, олар бірінші турда  айқын басымдылықпен жеңіп шықты. Кейін олар өз орынбасарлары мен облыстық аппарат волейбол құрамының мүшелерімен кездесті. Жарыс нәтижесі бойынша І орын аудандық ішкі істер бөлімінің командасына бұйырды.

Гүлден Сәрсенбаева